Саясат 04.09.2019 сағат 15:25

Жақында депутаттық мандат алған Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ

Ал қалған үш жаңа депутат салтанатты түрде адал қызмет етуге ант берді.
Жақында депутаттық мандат алған Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәжіліске жаңадан келген депутаттар Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова мәжілістің бесінші сессиясының алғашқы отырысында ант берді. Ал белгілі актер Нұрлан Әлімжанов ант беруге келген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Танымал актер әрі әнші, "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжанов жақында депутат мандатын алған еді. Алайда ол бүгін мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатысқан жоқ. Оның себебін білу үшін өзіне хабарласқанымызда "Бұған қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын, бір аптадан кейін хабарласыңыз, барлық сұраққа жауап беремін" деп қысқа қайырды.

Ал қалған үш жаңа депутат салтанатты түрде адал қызмет етуге ант берді. 

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін", - деді депутаттар.

Осыдан кейін депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Гүлшара Әбдіқалықова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін комитетті Гүлнәр Иксанова басқарған еді. Ол отставкаға кету туралы өтінішіне байланысты мәжілістен кетті.

Ал Нұржан Әшімбетов аграрлық мәселелер комитетіне, Жұлдыз Омарбекова заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар