Димаш Құдайберген өзінің есімінің Қытайдағы мектеп оқулықтарына енгенін хабарлады.
Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды.
"Қытайдың мектеп оқулықтарынан өзіңді көру жағымды", - деп жазды ол.
Әншінің тыңдармандарының дені бұл жаңалықты жақсыға жорып, құттықтап жатыр. Десе де бұл жаңалықты саясатпен байланыстырып жатқандар да бар.