$ 494.87  520.65  4.91

Латын әліпбиіне көшудің қажеті жоқ - Қырғызстан президенті

11 қыркүйекте Жогорку Кенештың отырысында депутат Алтынбек Сүлейменов латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерген еді.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков латын әліпбиіне көшудің қажеті жоқ деп есептейді. Бұл туралы Акипресс-ке сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

Мемлекеттік тіл бойынша Ұлттық комиссия төрағасы Назарқұл Ишекеевпен кездесу барысында Жээнбеков мемлекеттік тілдің ел өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, тіл саясаты мемлекеттік саясаттың маңызға ие бағыты екенін алға тартты. 

«Қырғыз тілінің маңызын арттырып, оны қоғамдық жүйенің бар саласында әсіресе мемлекеттік басқаруда қолдану керек. Мемлекеттік тілді білім, ғылым, мәдениет және экономика саласына енгізу біздің басты міндетіміз», - деді Қырғызстан президенті. 

Жээнбеков соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген латын қарпіне көшу туралы ойымен бөлісті. Президент латын қарпіне өтудің еш қажеттілігі жоқ екенін алға тартты. 

«Мемлекетіміздің мәдени және рухани әлеуеті кириллицаға арқа сүйегенде белгілі бір табыстарға қол жеткізді. Бос талқылауға уақыт бөлмей, әрі қарайғы мақсатқа қол жеткізу үшін бар мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек», - деді Жээнбеков. 

11 қыркүйекте Жогорку Кенештың отырысында депутат Алтынбек Сүлейменов латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерген еді. Депутаттың пікірінше латын қарпіне көшу қырғыз тілін дамытуға орасан зор үлес қосады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары