Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын аралаған болатын. Ал Солтүстік Қазақстан облысына табан тіреуі – одан кейінгі кезекті сапары.
«Мемлекет басшысы облыстың бірқатар ауыл шаруашылығы мен индустриялық нысандарын аралайды. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізеді деп жоспарлануда», – дейді Берік Уәли.