19.09.2019, 21:18

Қыздар тойдан кейін неге жыныстық қатынасқа түскісі келмейді?

Сарапшылардың сөзінше, некеде балалардың бары не жоғы жыныстық жақындастыққа мүлде әсер етпейді екен.

Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, тойдан кейін әйел адамдардың жыныстық қатынасқа түскісі келмейтінін анықтаған. Мәліметтерге сәйкес, некенің алғашқы төрт жылында нәзікжандылардың құмарлығы 16%-ға төмендейді деп хабарлайды fedpress сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сарапшылардың сөзінше, некеде балалардың бары не жоғы жыныстық жақындастыққа мүлде әсер етпейді екен.

Соның өзінде әйелдерде жыныстық жақындыққа деген құмарлық некеден кейін төмендей бастайды. Ал ер азаматтарда ол өзгермейді.

Флорида штаты Универстетінің сарапшылары бұл өзгерістердің төсек қатынасының санына емес, сапасына әсер ететінін атап өтті.

Зерттеушілердің айтуынша, нәтижелерге сәйкес, тойдан кейін бірнеше жылдан соң жыныстық қатынасқа деген құмарлықтың төмендеуі қалыпты жағдай екен.

Бұл шындықты қабылдау көптеген некедегі түсініспеушіліктерді жоя алады.