Атырауда жол апатынан 1 адам мерт болды, деп жазады КТК телеарнасы.
Атырауда арты өлімге алып келген жол апаты болды.
«Бүгін сағат 09:30-дар шамасында Баймұханов көшесінде «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - деді ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.