25.09.2019, 10:30

Тоқаев Зеленскийді Қазақстанға шақырды (ВИДЕО)

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лауазымға сайлануларымен құттықтады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Ақорда. 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лауазымға сайлануларымен құттықтады. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, ол үшін әлеуеттерінің зор екенін айтты. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.