25.09.2019, 17:10

«Мынадай адам қалай басшылықта отыр?»: орысша сөйлей алмаған Парламент спикері сынға ұшырады (ВИДЕО)

Бейне кадрлардан төраға үшін мәтінді оқу қиынға соққанын көруге болады, ол оқу барысында шатаса берді.

24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Отырыс барысында Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Дастанбек Жұмабеков сөз сөйледі.

Жұмабековтің сөзіне қатысты видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Бейне кадрлардан төраға үшін мәтінді оқу қиынға соққанын көруге болады, ол оқу барысында шатаса берді. Кездесудің басқа қатысушылары Қырғызстаннан келген өкілдің сөзі соншалықты түсініксіз болғанына таңғалды.

Пікір қалдырушылар, сонымен қатар, қойылым сәтсіз болғанын атап өтті.

«Мен өз ана тілімде сөйлей берер едім», «Мынадан 5 сыныптың оқушысы жақсы оқиды ғой», «Мынадай адам қалай басшылықта отыр?» деп желі қолданушылары оның әрекетін сынның астына алып, қызу талқылап жатыр.