Саясат 14.01.2020 сағат 02:05

Иманғали Тасмағамбетовтің орны әлі бос тұр

Ол 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы қызметті атқарды.
Иманғали Тасмағамбетовтің орны әлі бос тұр
фото: informburo.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдегі елшісін тағайындау жұмысын бастады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

«Тәртіп бойынша, Сыртқы істер министрлігі президенттің қарауына өтінім енгізеді. Ал мемлекет басшысы елшіні тағайындайды. Одан кейін арнайы құжат Ресейге жіберіледі. Сол жақтан қолдау болса, елші тағайындалады. Қазіргі кезде бұл процесс басталып кетті», - дейді Смадияров.

Оның айтуынша, дипломаттарды тағайындау мерзіміне қатысты нақты талап жоқ. Елшінің орны бірнеше ай бос тұруы мүмкін. Алайда, Смадияров Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне кімнің кандидатурасы қаралып жатқанын айтқан жоқ.

Айта кетейік, өткен жылы 18 желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жетуіне байланысты, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі қызметінен босатылған болатын. Ол 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы қызметті атқарды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар