$ 494.87  520.65  4.91

«Сасыған тесік президент»: Facebook әлеуметтік желісі білдей бір ел басшысын қорлаған

Бұл туралы Сидің Мьянмадағы ресми сапарының екінші күнінде белгілі болды.
фото: apostrophe.ua
фото: apostrophe.ua

Facebook әлеуметтік желісі Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпиннің есімін қате аударған. Бұл туралы Мьянманың мемлекеттік хатшысы Аун Сан Су Чжидің ресми парақшасында айтылды, деп хабарлайды bugin.kz.

Қытай басшысының есімі бирма тілінен ағылшын тіліне аударғанда жағымсыз мағына берген көрінеді. Әлеуметтік желі төраға Сидің есімін «сасыған тесік» деп аударған.

Бұл туралы Сидің Мьянмадағы ресми сапарының екінші күнінде белгілі болды. Қате аударылым салдарынан, жергілікті Irrawaddy басылымында «Сасыған тесік президенттің құрметіне кешкі ас беріледі» деген хабарлама шыққан.

Facebook болған жайт үшін кешірім сұрап, аударманы жөндейтінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары