$ 449.58  486.94  4.86

«Өзбекстан ешкімге тәуелсіздігін беріп қоймайды!»: Шавкат Мирзиеев ЕАЭО-ға мүлде кірмейтіндерін айтты

Алайда, ол Еуразиялық экономикалық одақпен мүше емес, тек бақылаушы ретінде байланыс орнату мүмкіндігін жоққа шығармады.
фото: kommersant.ru
фото: kommersant.ru

Өзбекстан Президенті өз елінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүлде мүше болмайтынын кесіп айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

«Көптеген отандастырымыз шет елдерде, соның ішінде Қазақстан мен Ресейде жұмыс істеп жатыр. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіздер, Өзбекстан ешкімге өз тәуелсіздігін беріп қоймайды! Оған жол жоқ. Тәуелсіздік – өзбек халқы таңдаған президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз», - деді Шавкат Мирзиеев.

Алайда, ол Еуразиялық экономикалық одақпен мүше емес, тек бақылаушы ретінде байланыс орнату мүмкіндігін жоққа шығармады. Яғни ұйымның пайдасы мен зиянын сырттай саралап отырмақ.

Бұған дейін Өзбекстанның одаққа мүшелікке өтуі туралы болжам бойынша түрлі пікір айтылған болатын. Ал Ресей федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко өткен жылдың қазанында Өзбекстанға барған сапарында бұл елдің ұйымға кіруі туралы шешімнің іс жүзінде қабылданып қойғанын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары