$ 494.87  520.65  4.91

Ресей Өзбекстанды ЕАЭО құрамына қоспақ болып әлек

Бірақ, табиғи ресурсқа бай Өзбекстан Ресей қысымына қарсы тұра білді.
фото: realist.online
фото: realist.online

GeorgiaToday газетінің 20 қаңтардағы санында «2020 жылдағы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) динамикасы» деген тақырыпта бас мақала жарияланды, деп хабарлайды centralasian.org.

Мақалада Кремльдің 2020 жылдағы мақсаты Өзбекстанды ЕАЭО-ға қосып, Еуропалық одаққа балама ұйым ретінде әлеуетін кеңейтуге ұмтылады деген.

Грузин басылымының жазуынша, былтыр жыл бойы Ташкентті ЕАЭО құрамына қосу үшін келіссөздер жүрген. Бірақ, табиғи ресурсқа бай Өзбекстан Ресей қысымына қарсы тұра білді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2001 жылдың 30 мамырында құрылды. Сол жылы Өзбекстан кіріп, 2008 жылы қайта шығып кеткен.

Қырғызстан мен Армения 2015 жылдан бастап аталған ұйымға мүше. Бұдан бөлек, бұл ұйымға Беларусь, Ресей және Қазақстан мүше. Бұл альянс Владимир Путин үшін Совет одағын қайта құру жобасы іспетті. Ол кезінде КСРО-ның құлауын «20-ғасырдағы ең ірі апат» деп атаған деп жазады басылым.

Еске сала кетсек, бұның алдында ғана Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев одаққа кіріп, ел тәуелсіздігінен айрылып қалар жайымыз жоқ дегендей емеурін танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары