ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев Айсұлтан Назарбаев пен оның туған әкесінің генетикалық сараптамасын тапқанын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz.
Бұл туралы Мұсаев өзінің facebook парақшасына жазды.
«Бүгін түнімен архивті ақтардым. Мен Айсұлтан Назарбаевтың биологиялық әкесімен салыстырмалы генетикалық сараптамасының құжатын таптым. Бұл құжат қазір менің үстелімнің үстінде. Құжатты Вена уақытымен, түстен кейін жариялайтын боламын. Сондай-ақ, ешқандай шарттарсыз тікелей Дариға мен елбасының шешімі бойынша құжат жарияланады немесе жойылады» деп жазған ол.
Еске сала кетсек, кеше экс-президент Нұсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев бірнеше даулы мәлімдемелер жасап, өзінің әкесі Нұрсұлтан Назарбаев, ал шешесі Дариға Назарбаева екенін де айтқан болатын.