03.02.2020, 20:20

Торт кесемін деп кеудесіне пышақ сұғып алған шенеунік Сыртқы істер министрінің орынбасары болды

фото: toppress.kz
Бұған дейін, былтыр БАҚ-та Алмас Айдаров торт кесіп жатқанда жарақат алып, ауруханаға түскені туралы мәлімет тараған болатын.

Бүгін, 3 ақпанда Қарағанды облысы бұрынғы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров Президент Жарлығымен Сыртқы Істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды» деп хабарлайды Ақорда сайты.

Бұған дейін, былтыр БАҚ-та Алмас Айдаров торт кесіп жатқанда жарақат алып, ауруханаға түскені туралы мәлімет тараған болатын. Ал шенеуніктің өзі сонда facebook парақшасына «уайымдайтын себеп жоқ, жай ғана тұрмыстық жарақат алғанын» жазған еді.

«Достар, денсаулығыма байланысты тараған ақпаратқа қатысты көп қоңыраулар келіп жатыр. Алаңдаушылықтарыңызға рахмет! Менде бәрі дұрыс, ол – қарапайым тұрмыстық жарақат. Кешкісін абайсызда жарақат алдым, түнде қан кете бастады. Содан таңды күтпей, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Барлығыңызға денсаулық тілеймін» деп жазды ол сол кезде.

Тегтер: торт шенеунік