Мәжілісте кімдердің ұйықтап отыратыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.
Мәселен, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразиялық экономикалық комиссия құрамындағы Қазақстан өкілдерін сынап, олардың таңнан кешке дейін ұйықтайтындықтарын жайып салды.
Оның айтуынша, ЕАЭО аумағында автомобильдерді есепке алудың бірыңғай базасын құру бойынша ұзаққа созылған.
"Онда таңертеңнен кешке дейін ұйықтайды. Ақырында қарапайым адамдар, заңға мойынсұнушы азаматтар зардап шегеді. ЕАЭО-ға қатысушы елдермен құжаттарды уақытында пысықтамады. Түсінесіздер ме, мәселе неде? Барлық мәселе, біздің лауазымды адамдарымыздың жұмысына қалай қарағанында. Осы учаскеде отыр, демек, ол таңертеңнен кешке дейін ел үшін жұмыс істеу керек", - деп бір-ақ қойып қалды Н.Нығматуллин.
Мәжіліс төрағасының пайымдауынша, егерде Қазақстан өкілдері жылдам жұмыс істесе, Армениядан келген көліктер мәселесінде даурығу әрекетіне жол берілмейтін еді.
Сондай-ақ, ол келіссөз жүргізе алмайтын қызметкерлерді де сынап тастады.
"Келіссөздер жүргізе алмайсыздар ма - кетіңіздер, басқалары келіссөздер жүргізуге барады. Осылайша, ола қазіргідей жағдай болмауына келіседі - 2014 жылдан 2020 жылға дейін, алты жыл. Барлық қатысушылармен келісу үшін бір жыл уақыт берілді. Сіздер алты жыл келіссөздер жүргізесіздер. Егер шахтер аз көмір өндірсе, онда ол жаман шахтер деп айтады. Егер мемлекеттік қызметкердің жұмысынан нәтиже болмаса, онда ол жаман шенеунік», - деді мәжіліс төрағасы.
Тағы оқи отырыңыз: «Трагедиялық көрініс»: депутаттардың бірі «Әкім» фильмін «жарнамаласа», екіншісі қасында ұйықтап отыр (ВИДЕО)
«Олай жасамаймын»: жиналыс кезінде «ұйықтап қалған» Владислав Косарев жауап беруге дайын
Естеріңізде болса, біз осыған дейін бір жиналыс кезінде ұйықтап қалған Владислав Косарев жайлы ақпарат жариялаған болатынбыз.