22 ақпан күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ (ДВК) жақтастары мен ҚДП (Қазақстан демократиялық партиясы) құру бастамашы тобы митингіге шығып жатқанда, Айсұлтан Рахат халықты революцияға шақырмайтынын мәлімдеді, деп жазады Kznews.kz.
«Келіссөз жүргізуге анам мен ағам келді. Ақша, я болмаса өзімнің жағдайым үшін кездескенім жоқ. Алла бізге: «Мейірімді болыңдар» дейді. Сондықтан мейірім таныттым», – деп жазды ол Facebook-парақшасына.
«29 жасқа дейін қателікті де, басқаны да көрдім» деген Айсұлтан Рахатұлы: «Ауыр болса да жерде де, көкте де Алла жолымен жүремін» дейді.
Тағы оқи отырыңыз:
«Ұяты жоқ адамдар билік басына келуде» - Айсұлтан Рахат еліміздегі жүйені сынға алды
Айсұлтан Рахат Ұлыбританиядан саяси баспана сұрап отыр
«Мен адамдарды революцияға шақырғым келмейді. Өйткені төңкеріс қан төгіссіз болмайды. Проблеманы отбасының ішінен шешуге болады деп есептеймін. Бірақ бұл үнсіз отырады деген сөз емес. Шындық үшін күресе бермекпін», – делінген жазбада.