$ 514.65  544.6  5.17

Нұр-Сұлтан әкімі карантинге байланысты тұрғындарға үндеу жолдады (ВИДЕО)

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 33-ке жетті. Олардың 15-і – Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Бүгін президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп, астаналықтарға үндеу жолдады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, бұған дейінгі үндеуді жергілікті тұрғындарға карантинге жабылған екінші қала – Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев жолдаған болатын.

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 33-ке жетті. Олардың 15-і – Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Әлем бойынша аталған вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырса, оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Дегенмен, күні бүгінге дейін коронавирустан 79 883 адам емделіп шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары