Желіде Мұхтар Жәкішевтің тар қапастан босатылғаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі кәсіпкер Арманжан Байтасов бұл естелік суретті өзінің Instagram парақшасына жариялап, астына «Мұхтар Жәкішев босатылып, үйге келді!» деп жазып қойды.
Сонымен, Жәкішевтің үйінде түсірілген суретте «атағынан ат үркетін», елге елеулі ірі кәсіпкерлер Арманжан Байтасов, Нұрлан Смағұлов, Болат Әбілов және Райымбек Баталов мәз-мейрам болып құшақтасып тұр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.