$ 494.87  520.65  4.91

Ел есінде «наконец-то» деген сөзімен қалған Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Оның орнына Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып Айжан Есмағамбетова тағайындалды.

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Бұл туралы өзі бүгін тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда, ол Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болып қала береді.

«Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болып қала беремін», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Оның орнына Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып Айжан Есмағамбетова тағайындалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары