$ 447.4  477.55  4.76

Коронавирусқа қарсы күреске Динара Құлыбаева 4,5 миллиард, ал Болат Назарбаев 150 миллион теңге бөлді

«Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз», - дейді 150 миллион теңге аударып отырған Болат Назарбаевтың өкілі.

Halyk қайырымдылық қорының құрылтайшысы Динара Құлыбаева Қазақстандағы коронавирусқа қарсы күреске 4,5 миллиард теңге бөлді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Halyk қайырымдылық қоры Елбасының коронавирус салдарын жою жөніндегі арнайы республикалық қор құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Қордың камқоршылық кеңесі коронавирус індетінің салдарларымен күресуге 4,5 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: Елбасы үндеуін қоштай жөнелген қалталылар коронавируспен күреске 41 млн доллар бөлді

Ал Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 150 миллион теңге бөліп отыр. «Елбасының үндеуі қоғамның әрбір мүшесіне әсер етті. Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз», - деді қоғамдық қор басшысы Қасым Қасабеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары