Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жайттары, соның ішінде әскери-техникалық саладағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Франция Президенті Ф.Олландтың біздің елімізге 2014 жылдың екінші жартысына жоспарланған ресми сапарына әзірлік мәселесін қарастырды.