$ 446.49  475.38  4.79

«Қолдау көрсеткім келеді»: Путин Назарбаевқа жеделхат жолдады

«Сіздің ерекше өмірлік күш-қуатыңыз, қайсар рухыңыз бен жігеріңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін», - деді Ресей президенті.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Ресей президенті Владимир Путин елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа коронавирустық инфекция жұқтыруына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Осы қиын сәтте сізге шын жүректен қолдау көрсеткім келеді. Сіздің ерекше өмірлік күш-қуатыңыз, қайсар рухыңыз бен жігеріңіз қысқа мерзімде вирусты жеңуге көмектеседі деп сенемін. Шын жүректен толық сауығып кетуіңізді және деніңіздің саулығын тілеймін», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары