$ 444.22  476.38  4.82

Елбасымен біргеміз!

Бүгінде коронавирус індетінің өршуі әлемдік деңгейге жетті. Індетке Бразиялия, Гондурас елдерінің Президенттері де шалдыққан болатын.

Бүгін аталған вируспен Елбасымыздың да шалдыққанынан хабардар болдық. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының бұл дертті тезірек жеңіп, сауығып кетуін тілеймін. 

Тәуелсіздігімізді алғаш жария еткен сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі дербес мемлекетіміздің толағай жетістіктері – ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. 

Елбасы ұстанған айқын саясаттың арқасында толайым істер атқарылды, ең алдымен, тұрғындар игіліге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды.

Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлының ауылды дамыту, өңірлер экономикасын арттыру бағытына сіңірген еңбегі орасан. Ауылшаруашылығы саласындағы тәжірибелі маман ретінде, Елбасының осы салаға жасаған қамқорлығының жемісін көріп, кәсібін өркендеткен азамат ретінде Елбасыға алғысым шексіз. Облыстың барлық аграрлық сала өкілдері де бұл пікіріме қосылады. 

Біз әрдайым Елбасымен біргеміз!

Сайрамбай ДӨНЕНБАЕВ, Қазақстан Республикасының Еңбек ері, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары