$ 443.85  474.3  4.8

Бағдат Қожахметов «Nur Otan» партиясының жақтастар лигасына бара жатыр

Болашаққа деген бір талай жоспарларым бар. Жақындарым қолдаса оны да іске асырамыз, бұйыртса.
фото: facebook.com/bagdat.kojakhmetov
фото: facebook.com/bagdat.kojakhmetov

«Nur Otan» партиясының жақтастары Лигасының қатары мықты мамандармен толығып жатыр. Бүгін бұлардың қатарына белгілі медиа менеджер Бағдат Қожахметовтың қосылып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Бағдат Қожахметовтың өзі әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Зымыраған өмір, тоқтамайтын уақыт. Журналистика саласында және бизнесте жұмыс істегеніме 30 жыл болыпты. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері жұртпен қатар талай қызықты бастан кешіп жүрміз.

Бір ақылды саясаткер кезінде маған айтып еді: - «Сен екеуіміз пышақтың қырымен емес, ұшымен жүрміз», деп. Мықты кісілермен бірге «Рахат-гейтті» аман есен тамамдап абыроймен аяқтадық. Одан кейін жер мәселесі көтерілгенде тағыда өз парызымызды атқардық. Неше түрлі жағдайлар болды. Бірақ осы екі саясы оқиғаның аяқ жағы мен үшін әлде қайда басқаша болуы мүмкін еді. Жамандықтан Құдай сақтап қалды.

Осыларды еске алып, өткен кеткенге қарап түсінгенім – саясатпен айналыспасаң да, саясат сенімен өзі айналысады екен. Өзгелер саясат шеңберінде кез келген адамды қуыршақ секілді ойнатуы мүмкін. Ал енді саясатпен айналысу үшін партияның мүшесі болу міндет пе? Ол да керек шығар, бірақ ең бастысы шынайы азамат болып халықтың алдында нәтижелі іс атқару қажет. Асықпай, ақылмен.

Осындай ойға беріліп жүргенде бір қатар жігіттер ɵте бiлiктi iс-əрекет жасапты. «Nur Otan» жақтастары Лигасын құрыпты. Құрылтайшылары мен сияқты бірыңғай «безпартийныйлар». Сонысы ұнады. Ерді кебенек ішінде таны. Билікті қолға нақты алмай саясатты өзгерту мүмкін емес. Ол қағида. Менде мемлекетте болып жатқан дɵрекі жағдайларға қатысы жоқ адам сияқты қарап отырғым келмейді. Оған шыдау үшін жүрексіз надан, малғұн болу керек. Ондай болғым келмейді де болған емеспін. Болашаққа деген бір талай жоспарларым бар. Жақындарым қолдаса оны да іске асырамыз, бұйыртса», - деп жазған Бағдат Қожахметов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#«Нұр Отан»