$ 494.87  520.65  4.91

Індетке қарамастан, Сенат депутаттығына Нұр-Сұлтан қаласынан 8 үміткер тіркелді

«Тіркеу аяқталғанға дейін тағы да үміткерлер ұсынылады деп ойлаймын. Оларға қажетті қаражат бөлінеді», - дейді Владимир Редкокашин.

Биыл тамыздың 12 күні Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау өтеді. Елде сайлауалды дайындықтар басталып та кетті, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Нұр-Сұлтан қаласынан бүгін Сенат депутаттығына 8 үміткер тіркеліп отыр. Кандидаттардан ұсыныс әлі де қабылдана береді. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша үміткерлерді тіркеу шілденің 12-сінде аяқталады.

Комиссияның Нұр-Сұлтан қалалық төрағасы Владимир Редкокашиннің айтуынша, індетке қарамастан, сайлауалды дайындық күшейтілген. Әр кандидаттың үгіт-насихатына 450 мың теңгеден бөлініп отыр.

Тағы оқи отырыңыз: «Үйлерінде ұйықтасын!»: көпшілік қазіргі жағдайда депутаттар сайлауын өткізуді құптамайды

«Сайлауалды жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Тіркеу аяқталғанға дейін тағы да үміткерлер ұсынылады деп ойлаймын. Оларға қажетті қаражат бөлінеді. Қосымша өздерінің қорлары болса, оны да пайдасына жаратуына рұқсат етілген», - дейді Владимир Редкокашин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары