10.07.2020, 22:30

Әйелін 12 автокөлікпен «жарылқаған» басшы мен «СК-Фармацияның» төрағасы жұмыссыз қалды

фото: arasha.kz
Еске сала кетсек, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мекеме басшыларын жұмыстан босатып, қызметтеріне тексеру жасау керектігі туралы айтқан еді.

Бүгін Міндетті мединицалық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «СК-Фармация» басқарма төрағасы Берік Шәріп қызметтерінен кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған басшылардың қызметтен кету туралы өтініштеріне Денсаулық сақтау министрі қол қойған.

Тағы оқи отырыңыз: Медициналық қор төрағасының әйеліне 12 көлікті қалай сыйлағаны тексеріліп жатыр

Еске сала кетсек, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мекеме басшыларын жұмыстан босатып, қызметтеріне тексеру жасау керектігі туралы айтқан еді.