$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік шенеунік біреуді қызметке орналастыру үшін 15 мың доллар сұраған

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Шымкентте бөлім басшысы мемлекеттік қызметке орналастыру үшін пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне қарасты бірінші департаменттің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов брифинг барысында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 аудит сәйкестігі бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қайсар Баржақсынов.

Тергеушінің айтуынша, шенеунік 27 шілдеде А. есімді азаматтан қолма-қол 15 мың доллар көлемінде ақша алған. Бөлім басшысы оны мемлекеттік ревизор-аудитор қызметіне тағайындау керек болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары