$ 494.87  520.65  4.91

Еуроодақ Беларусьтің жоғары лауазымды тұлғаларына санкция салуға шешім қабылдады

Бейбіт наразылыққа шығушыларды қамаған, зорлаған, репрессиялық қудалау жасағандар санкцияға ілігуі тиіс
happycoin.club
happycoin.club

19 тамызда Еуроодақ елдерінің басшылары шұғыл саммит ұйымдастырып, жақын арада Беларусьтің жоғары лауазымды тұлғаларына жеке-жеке санкция салуға шешім қабылдады. Сонымен бірге, 9 тамызда елде өткен президент сайлауының нәтижесін мойындамайтынын жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.  

Еурокеңес төрағасы Шарль Мишелдің айтуынша, «қара тізімге» наразылыққа шыққандарға қатыгездік танытқандар мен сайлау нәтижесін бұрмалағандар ілінеді.

Германияның Сыртқы істер министрі Маас «La Stampa» басылымына берген сұхбатында санкция салынатын тұлғалардың тізімі тамыздың аяғына дейін белгілі болатынын айтқан.

«Біз Беларусь тарапына қысымды күшейткіміз келеді. Бейбіт наразылыққа шығушыларды қамаған, зорлаған, репрессиялық қудалау жасағандар санкцияға ілігуі тиіс... Сайлау нәтижесін бұрмалауға қатысы барларға да қарсы санкция әзірлегіміз келеді. Тізім бекітілу үстінде», - деген ол.

Санкция салынатындардың ішінде Беларусь президенті Александр Лукашенконың бар-жоғы әлі белгісіз. Бірақ Литва Сыртқы істер министрі Лукашенконың елге кіруіне тыйым салып үлгерді. Литва дипломаттары қазірдің өзінде оны экс-президент деп атап жүр.

Оқи отырыңыз: «Беларусь билігіне қарсы санкция салу жұмыстары басталып кетті» - Еуроодақ өкілі

Бұған дейін санкциялардың жеке тұлғаларға ғана бағытталатыны және Беларусь экономикасы, қарапайым халыққа зияны тимейтіні туралы Еуроодақта бірнеше рет айтылған. Осыған ұқсас санкциялар Лукашенко мен 169 шенеунікке 2016 жылы да салынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары