Президенттікке бұрынғы кандидат Светлана Тихановская өтпелі уақытша президент бола алады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Тиісті мәлімдемені Беларусь президенттігіне бұрынғы үміткер Валерий Цепкало жасады.
"Ол - өтпелі президент. Ол мемлекет басшысы болады. Жаңа сайлау Конституцияға сәйкес бес-алты айдың ішінде болады", - деді Цепкало.
Ол сонымен бірге Тихановскаяның сайлаудағы жеңісін айқын екенін айтты. Сондықтан Тихановская жалғыз заңды мемлекет басшысы болуы керек деп санайды.
Естеріңізге сала кетейік, Минск, Гродно және басқа Беларуссия қалаларында наразылық акциялары 9 тамызда президент сайлауының нәтижелері жарияланғаннан кейін басталған.
Ортсайлаукомның ресми мәліметтеріне сәйкес, елдің қазіргі басшысы Александр Лукашенко 80% -дан астам дауысқа ие болды. Оппозициялық үміткер Тихановская сайлау нәтижелерін мойындамайды.