20.10.2020, 16:40

Мамин Президент кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті

фото: primeminister.kz
Кездесуде экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқыланды.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің кеңесшісі - Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.