Шымкентте карантин ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда қаладағы карантин мен шектеу шаралары 9 қарашаның түн ортасына дейін ұзартылатыны жазылған.
Сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық, салтанатты және естелік іс-шараларды, форумдарды, семинарлар мен конференцияларды өткізуге тыйым салынады. Цирк, букмекерлік кеңселер, банкет залдары, караоке, аттракциондар мен фудкорт жұмысына тыйым салынады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.