ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов бұдан былай «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігін басқарады. Бұл туралы бүгін аталған бірлестіктің Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысында белгілі болды.
Диын барысында Өмірзақ Озғанбаевтың өзін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы қызметінен босату туралы өтініш қаралып, мақұлданды.
Тиісінше, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы лауазымына Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кандидатурасы ұсынылды.
Оны Президиум мүшелері бірауыздан мақұлданды.
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі Президиумының кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Бақтықожа Ізмұхамбетовті Орталық кеңестің төрағасы міндетін атқарушы ретінде сайлау және оның кандидатурасын кезекті пленумнің қарауына шығару туралы қаулы қабылданды.
Өмірзақ Озғанбаев «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
Айта кетейік, Қазақстанның саяси ортасында ірі ауыс-түйістер орын алатынын бұған дейін жазған болатынбыз.