$ 448.89  477.93  4.76

«Қазақты қорлауды тоқтатыңдар!»: белгілі ақын Ассамблея өкілдеріне қатаң ескерту жасады

Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің төл құжаттарына «қазақ» деп жазу керек деген не масқара? Біздің қазақ не жазды бұл тексіздерге, соншалықты қорлайтындай?
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Қазақстанда тұратын өзге ұлттарды құжат жүзінде «қазақ» деп жаздыру туралы мәселесіне қатысты басталған дау әлі де тыншымай тұр. Қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері бұл мәселенің астарында үлкен саясат жатқанын айтып, әлі де өз қарсылықтарын білдіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәселен белігі ақын, публицист әрі қоғам қайраткері Жұмаш Кенебай  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Майя Бекбаеваның бұл мәлімдемесін жанашырлық емес керісінше қастандық деп қабылдайтынын білдірген. Оның айтуынша, бұл қазақты қорлау. 

«Қазақты қорлауды тоқтату керек!!!

Өзге ұлт өкілдерінің төл құжаттарына «қазақ» деп жазу туралы бастаманы кім ойлап тапса да, бұл қазақ ұлтын ашық түрде қорлау деп түсінемін. 

Міне 31 жыл болды қазақ тілінің өз мемлекетінде өгей баланың күйін кешіп отырғанына. Ана жылы биліктегілер «қазақстандық ұлт» дегенді ойлап тапқаны тағы да белгілі. Оның ізі суымай жатып, енді келіп мына масқараны жүзеге асырмақ.

Біздің қазақ не жазды бұл тексіздерге, соншалықты қорлайтындай?

Қазақ Елі тәуелсіздік алғалы ұлтымыз ашық түрде сыртқа тебілуде. Бұлар онсыз да маңдайының соры бес елі ұлтымызды барлық жағынан қорлап болып, енді келіп оны мазаққа айналдырмаққа айналдырмақ па? Меніңше бөтен ұлттар мұндай қадамға бармайды, барғандарының іштерінде арам ойлары бұғып жататаны жалған емес.

Қайран қазақты қашанғы мазақ етпек тексіздер?

Біз ұлт зиялылары, қаламгерлер мұндай мазаққа ашық қарсы шығамыз. Жеріміз анау, талан-таражға түсіп жатқан, ұлттық байлығымыздың иесінің кім екені жұмбақ. Осындай жағдайда Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің төл құжаттарына «қазақ» деп жазу керек деген не масқара?

Сонда кім-кімді мазақ етіп отыр?», - деп жазған өзінің  facebook парақшасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары