$ 449.58  486.94  4.86

Ауыл мәселесі «Nur Otan» назарында

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Шәкіров ауылының тұрғындарымен кездесті.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Шәкіров ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламсын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Атап айтар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға іс-қимыл жасалатыны, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй - коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыруға жәрдемдесетіндігі жайлы сөз болды.

​Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021 жылы Қызыләуіт ауылында 1000 бас мүйізді ірі қара мал, С.Шәкіров ауылында 5000 бас қой және 2022 жылы Көктал ауылында 100 бас мүйізді ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын құруға, лизинг арқылы машина-трактор паркін жаңарту, жыл сайын кемінде 15 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, 2021-2023 жылдар аралығында «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорын теңгеріміндегі ұзындығы 220 км-ді құрайтын ауданның 41 суару жүйесін және «Азия Даму Банкі» арқылы 3,3 млрд.теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу есебінен 9,3 мың га (Ақкөл, Аққұм, Бостандық, С.Шәкіров, Кеңес, Үшарал ауылдарында) суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары қарастырылғанын білдірді. Бұл «Аса», «Талас» өзендерінен түсетін су үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2023 жылы Ақмола су қоймасын салу есебінен (11 млн.текше метр) ауылдық округтердегі игерілмей жатқан суармалы егістік жерлердің көлемін 9642 га дейін игеруге, 2023 жылы Қызыләуіт ауылында тауарлы-сүт фермасын құруға, минералды тыңайтқыштарды 160 тоннадан 250 тоннаға дейін еслелеп, егістің ауыспалығын сақтау және 50 тоннадан 200 тоннаға дейін жоғары репродукциядағы сапалы тұқымдық материал арқылы 2025 жылға қарай дәнді дақылдардың өнімділігін 17-ден 20 ц/га, майлы дақылдардың өнімділігін –6-дан 7,5 ц/га дейін арттыруға және «Сыбаға» бағдарламасы мен селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізу арқылы мүйізді ірі қара мал басын 26,4 мыңнан 27,9 мың басқа дейін мемлекеттік бағдарламалар арқылы көбейтуге, сондай-ақ, жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізуге, бөлшек сауда субъектілері арасында ең төменгі сауда үстемелерін қолдану туралы меморандумдар жасасуға, әлеуметтік сөрелерді орнатуға ықпал ететінін жеткізді.

Аталмыш міндеттерді алға мақсат етіп қойған кандидаттар халық сенімін ақтау үшін жұмыс жасайтындарын айтып, сайлау кезінде дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Ескерту! Жамбыл облысы, Талас аудандық (Қаратау қаласы) "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары