$ 494.87  520.65  4.91

«Кен орындарын жер телімдерімен қоса сатуды доғару керек» - қоғам белсендісі

Жалпы қытайлықтармен және басқа да шетелдіктермен екі арадағы болып жатқан «мүлік саудасы» аса сақтықты, һәм сауаттылықты талап етеді. Жер, кен орындарын орынсыз саудалаудың арты үлкен «майданға» айналуы мүмкін.
фото: baribar.kz
фото: baribar.kz

Осыдан шамалы бұрын еліміздің кен орындары мен геологиялық барлау аумақтары аукцион арқылы сатылуға қойылды деген хабар тараған еді. Сол секілді араға бірер күн салып аукционға қойылған кен орындарының барлығы да сатылып кеткені белгілі болды. Әдеттегідей олардың нақты кімдердің қанжығасында кеткені белгісіз күйі қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда кейбір қоғам белсенділері бұл алып-сатарлықтың артында қытай мүддесі жатуы мүмкін деген қауіп білдіріп жатыр. Солардың бірі – қоғам белсендісі, ардагер журналист Нұрлыбай Қошаманұлы. Журналистің айтуынша, аукцион ережесінде жер телімдерін сатып алуға шетелдіктер де қатыса алатыны айтылған.

«Энергетика министрлігінің пәрменімен шетелдік және басқа да инвесторларға онлайын сауда арқылы жер қойнауын кен орнын барлау және игеру құқығын беру процесі басталады. Кен орны бар деген жер телімдерін сатып алуға шетелдіктер де қатыса алатыны БАҚ жарияланды. Сөтіп, бүгінде 23 желтоқсанда көзделген 10 жер телімінің 7 сатылып үлгерді. Әзірге сатып алушылардың қожайындары бұқарадан құпия. Егер, кен орындарын жерімен сату аукционында қытайлықтар бар болатын болса жағдайдың ушыққаны дей беріңіздер…

Шетелдіктер мүлікті, жерді бекерге алмайды. Әубаста Қазақстан мұнайын игереміз деп жиырма жылға келген Қытай, бүгінде Қазақстандағы өз мерзімін 50-60 жылға және ұзартып алғаны белгілі.

Енді олар «келесі кезекте» - деп өз ықпалын мұнайдан «басқа мүліктерімізді» (тұрғын үй, әлеуметтік кешендер, өндіріс орындары-зауттар мен кәсіпорындар т.б) түпкілікті иелену, кәсіпкерліктің мұнайдан басқа да бағыттарын кеңейту үшін Қазақстанда ұзағынан қалу жолында іргесін бекемдей түсуге кірісті. Қытайдың мақсаты белгілі, алдағы жылда талай билік ауысып, заңдарға өзгеріс еніп (біздің заңдардың үнемі бір қайнауы ішінде, қашанда шикі болатыны белгілі), өздеріне қолайлы жағдай туғанда «ЖАЛҒА АЛҒАН ЖЕРІН, БАСҚА ДА МҮЛІКТЕРІН» айырылмастай етіп заңдастырып, өз менешіктеріне яки біржола иеленіп алу», -  дейді жер жанашыры.

Оның айтуынша, қытайға басымдық берудің арты жақсылыққа апармайды. Заңның солқылдақтығын пайдаланып біраз дүниені басып қалған қытайлар бір күні басқаша сөйлей бастауы мүмкін. Сол кезде нағыз МАЙДАН басталып кетуі бек мүмкін.  

«Қытайлықтарға, басқа да шет-елдіктерге көрсетілген бұл «ҚАМҚОРЛЫҚ» уақыты келгенде олардың қоғамдағы белсенділігін көтереді. Мұның соңы дәлірек айтқанда өздерінің дербес әлеуметтік субъект ретінде жер мәселесінде, меншік бөлісінде бара-бара басқа да жасырын жатқан өмір сүруіне қажетті талаптарды шығаруына әкеледі.

Қарыз алған жақтың қарызды берушінің алдында қашан да кіріптар болып қалатыны қалыпты жағдай. Екі дүниенің тайталасы туындай қалса, бір күндері меншік, мүлік, жер мәселесі «МАЙДАН ДАЛАСЫ» болып шыға келуі де ғажап емес. Қытайдың бізді қоғаша жапыратын саяси-экономикалық, «әскери күшінің» барына ешкім дау айта алмас. Мүлік, меншік, жер мәселесінің тек қана әлеуметтік-экономикалық емес, одан да күрделі – қоғамымыздың тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауға тікелей байланысы бар екендігін, оны қайта-қайта ушықтырып, қарапайым халықты ашындыра беруге болмайтынын ескеруге тиіспіз.

Жалпы қытайлықтармен және басқа да шетелдіктермен екі арадағы болып жатқан «МҮЛІК САУДАСЫ» аса сақтықты, һәм сауаттылықты талап ететінін бабаларымыз да ескерткен еді. Ендеше шетел инвесторларының жымысқы іс-әрекеті Үкіметтің, өкілетті билік Парламенттің, жергілікті мәслихаттардың, бейресми ұйымдар мен саяси партиялардың, қоғамның қатаң бақылауына алынуы тиіс мәселе. 

Жерді сатуды және шетелдіктерге жалға беруді түбірімен тоқтатып, мораторий аяқталғанша, заңмен тоқтау қоймаса бәрі бекер. Енді бірер жылда Қытай экономикамыздың бар тетіктерін өз қолына алып, еліміздің саяси да әлеуметтік өміріне ықпалы зор, қожайынына, қала берді еліміздің ішкі және сыртық саясатының айқындайтын БАС ОЙЫНШЫСЫНА айналады. Оған күманыңыз болмасын. Кен орындарын жер телімдерімен сатуды және шетелдіктерге жалға беруді түбірімен тоқтатып, мораторий аяқталғанша, заңмен нақтылауымыз керек. 

Экономикамызға төнген мұндай бір жақты абсолютті қауіптің барына ҚР Президенті, Бас Прокуроры, сайлау додасына түсіп жатқан саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар назар аударулары керек...», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жер #аукцион