$ 447.4  477.55  4.76

ШҚО-да су тасқыны болуы мүмкін өзендер тікұшақпен тексерілді

Қазір жер-жерде қар жылдам еріп жатыр. Өңір аумағының қармен жабылған аумағы соңғы апталарда 33 пайызға дейін азайды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

 Шығыс Қазақстан облысында мамандар өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қазгидромет» РМК мамандары Ертіс пен Уба өзендеріндегі жағдайды тікұшақпен бақылады. «Өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады.

Бірақ су қауіпті деңгейден аспаған. Қазір жер-жерде қар жылдам еріп жатыр. Өңір аумағының қармен жабылған аумағы соңғы апталарда 33 пайызға дейін азайды. Риддер қаласында, Катонқарағай, Бородулиха аудандарында қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында – 71 см, - дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Семей қаласы мен Алтай, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы мұз кептелуі мүмкін 19 учаскеде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 9,5 тоннадан астам жарылғыш зат пайдаланылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары