$ 498.51  522.84  4.81

Қазақстанда бензин құны 200 теңгеге жетуі мүмкін

Энергетика министрлігі жанармай құнын ешкім реттемейтінін мәлімдеді.

Қазақстанда бензин күрт қымбаттады. Бірнеше күннің ішінде жанармай бағасы 13 позицияға көтерілді. Бүгінгі таңда ең көп құйылатын АИ-92 литрін 200 теңгеге алуға болады. Ал кейбір аймақтарда жанар-жағармай тапшылығы пайда болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Энергетика министрлігі жанармай құнын ешкім реттемейтінін мәлімдеді. Сонымен бірге, еркін өсу басқа тауарлар мен қызметтерге бағаны көтерудің маңызды себебі болып табылады, дейді экономистер.

Алматы автожанармай құю станциялары баға белгілерін өзгертуде. Бірнеше күннің ішінде 92 маркалы бензин кей жерлерде жеті теңгеге көтерілді. Мұндай өсуді ешкім күтпеген сияқты. 92 бензин бағасы литріне 168-ге дейін көтерілді. Автокөлік иелері арасында наразылық пайда болуда.

«Бүгінгі күні мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы бағалар реттелмейді және сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен айқындалады. Ел бойынша АИ-92 бағасы литріне 154 теңгеден 172 теңгеге дейін өседі. Резервте мұнай жеткілікті. Бізде жетіспеушілік болмауы үшін барлық жағдай қарастырылған», — деп мәлімдеді ҚР ЭМ Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Талғат Құрманбаев.

Алайда сарапшылар баға әлі өседі деп отыр. Біздің зауыттардың үштен бірі Ресейден шикізат алады. Ал онда литр бағасы 200 теңгеден асып кетті.

Бұдан әрі бағаның қалай болатыны әлі белгісіз. Шенеуніктер тек кез-келген уақытта жанармай құюға резервтік отын жіберуге дайын екендіктерін айтады. Бұл шамамен 300 мың тонна.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары