Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Премьер-министрдің сайтындағы Қазақстанның машина жасау саласына қатысты деректерге күмән келтірген бұрынғы шенеунік және кәсіпкер Санжар Боқаевтың айыптауларына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Бірнеше күн бұрын мен Премьер-министрдің сайтында Қазақстан 22 танымал маркалы автомобильдің 167 моделін шығаратыны туралы нақты емес ақпарат бар деген маңызды мәселені көтердім. Ал деректерді тексеріп, дәлірек ақпарат берудің орнына, үкімет машина жасаушылар арқылы жауап береді», - деді кәсіпкер.
Тengrinews.kz мәлімдеуінше, ол жазбасына бірнеше видео жүктеген. Видеода автокөлік жұмысшылары Боқаевты зауытқа шақырып, қолданыстағы өндірісті көрсетуге уәде беріп жатқанын байқауға болады. Санжар Боқаев тиісті орынға барғанын мәлімдеді.
«Менің өтірікпен және біліксіздікпен күрескім келеді. Үкіметке тағы сол сұрақты қоямын: біз шығаратын 22 жаһандық брендтің 167 моделі деген қандай модель? Осы 10 жыл ішінде біз 130 жаңа машина жасау зауытын қайда салдық? Мен мұны нақты есептеу үшін өңірлерді өз қаражатыма аралап шығуға дайынмын және Үкімет өз халқына өтірік айтпайтын өркениетті қоғамда өмір сүру үшін небір арандатушылықтардан өтуге дайынмын», - деп қорытындылады Боқаев.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елдің машина жасау саласында 2020 жылы шығарылатын брендтер тізіміне жеңіл және коммерциялық автомобильдер сегментінде 22 әлемдік брендтің 167 моделі енгізілген. Оның ішінде жеңіл көлік құралдарының 8 бренді мен 39 моделі бар:
Chevrolet: Malibu, Niva, Tahoe, Tracker, Trailblazer, Traverse; JAC: IEV7S, J7, S3, S5, S7, T6; KIA: Cerato, Optima, Picanto, Rio, Sorento, Soul, Sportage, K900; Hyundai: Accent, Creta, Elantra, Santa Fe, Sonata, Tucson; Ravon: Nexia, R3, R4; Lada: 4x4, Granta, Largus, Vesta, Xray; Skoda: Kodiag, Octavia, Superb; UAZ: Hunter, Pickup, Patriot.«Коммерциялық автомобильдер сегментіне - автобустар, жүк көліктері, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің 16 бренді, оның ішінде жоғарыда аталған екі және 128 модель кіреді. Оның ішінде КАМАЗ, JACK, MAN, Hyundai, IVECO, МАЗ, ГАЗ, УАЗ, «Урал» автомобильдерінің 80 моделі, Yutong, Akai, Daewoo және Golden Dragon автобустарының 39 моделі және басқа брендтердің 9 моделі бар.
Коммерциялық көліктердің ерекшелігі соңғы тұтынушылардың талаптарына байланысты модельдер мен модификациялардың үлкен тізімі екенін ескеру керек», - деп атап өтті баспасөз қызметі.