$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым жөніндегі саммитіне қатысады

Іс-шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді.

Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ", - деп жазды ол.

Жалпы ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйек айында елордада өткен болатын.

Бүгінгі іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.

Саммиттің тікелей көрсетілімін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары