22.06.2021, 15:20

Асқар Мамин вакцина салдырды

Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында өндірілген "Спутник V" препаратын салдырған.

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет басшысы Қарағанды ​​фармацевтикалық зауытында өндірілген "Спутник V" препаратын салдырған.

"Вакцина алғаннан кейінгі Асқар Маминнің денсаулығы жақсы, жанама әсерлері байқалған жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Бүгінде Қазақстанда 2,8 миллионнан аса адам бірінші компонентті, 1,7 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компоненттін салдырған.