$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік Ауғанстанның 70 мың азаматын қабылдау туралы қауесетке жауап берді

Ауғанстаннан босқындар Шымкент пен Түркістан облысына келіп орналасады деген ақпаратты СІМ жоққа шығарды.

WhatsApp желісінде Қазақстанға 70 мың Ауғанстан азаматы келеді, алғашқы 500 адам қазір Шымкент әуежайына келді, шамамен 1500 адам жақын күндері келеді деген хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстаннан босқындар Шымкент пен Түркістан облысына келіп орналасады деген ақпаратты СІМ жоққа шығарды.

"Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді СІМ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін СІМ Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің Қазақстанда емес екенін хабарлаған болатын. БАҚ отставкаға кеткен Ашраф Ғани әйелі Рула және екі кеңесшімен бірге Өзбекстанға ұшқанын жазды.

"Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын иеленді. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялап, елдегі билікті басып алды. Кейінірек "Талибан" өкілі елдегі соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары