$ 449.58  486.94  4.86

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалай жұмыс жасауда?

Antikor Almaty кәсіпкерлер тарапынан түсетін кез келген сигналға жедел жауап береді.

Antikor Almaty кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау жобасының аралық нәтижелерін жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Алматыда Protecting business and investments жобасы аясында 35 жобаға қолдау көрсетілуде, 66 инвестор мен отандық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалған.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсетуден бөлек, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргіземіз. Сонымен, жоба аясында кәсіпкерлік саланың өзекті мәселелері бойынша ережелер енгізілді. Ннормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды қарастырып, талқылаймыз»,-деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Ахметов.

Antikor Almaty кәсіпкерлер тарапынан түсетін кез келген сигналға жедел жауап береді.

«Есептік кезеңде біз кәсіпкерлікке заңсыз араласудың 7 фактісін анықтадық. Мысалы, 2021 жылдың наурызында Бостандық ауданындағы CЭҚ бас маманы әшкереленді, ол ШОБ субъектісінің қызметіне заңсыз араласу арқылы тағамның сапасын тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды алу үшін кәсіпкерден пара талап еткен. Сот үкімімен көрсетілген ауданның CЭҚ қызметкеріне мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды»,-деді спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің тікелей эфирінде. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары