Саясат 05.11.2021 сағат 17:00

Қазақстанда орыстарды кемсіткендерге қатысты Ресейдің сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

Мәскеу республикадағы ұлтшылдық мәселесі бойынша артық кеткен кез келген жағдайды мұқият қадағалайды.
Қазақстанда орыстарды кемсіткендерге қатысты Ресейдің сыртқы істер министрлігі пікір білдірді
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы айрықша одақтастық сипатқа ие. Бірақ Мәскеу республикадағы ұлтшылдық мәселесі бойынша артық кеткен кез келген жағдайды мұқият қадағалайды. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Оның айтуынша, Ресей Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлтшылдыққа қарсы “нөлдік төзімділік” қағидасын ұстану керектігін айтқан сөздерін толық қолдайды. Дипломат тілге қатысты қандай да бір ақпарат тарататын тұлғалардың әрекеттері қазақстандық билік тарапынан жауапсыз қалмайтынын айтты. 

"Біз Қазақстан басшылығымен әрқашан бірге қимылдаймыз. Ұлтшылдық көріністердің алдын ала отырып, оларға ерекше мән беретін боламыз. Сондай-ақ, бұл мәселенің шешімі үшін бірлесіп күш-жігер жұмсайтынымызға ешқандай күмән болмауы тиіс", — деп атап өтті Захарова. 

Ол Ресей мен Қазақстан тығыз әлеуметтік-мәдени байланыстарға ие болғандықтан, екі елдің жастарымен атаулы мәселеге қатысты жұмыс жүргізу бойынша барлық ықтимал құралдар мен ресурстарды пайдалану қажеттігін атап өтті.  

21 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында атқарушы билік органдары мен прокуратурадан этникалық негіздегі қақтығыстардың және қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған өзге де әрекеттердің жолын кесуді талап етті. Ол сондай-ақ мұндай оқиғаларға “нөлдік төзімділік” танытуға шақырды.

Қазақстанда тілдік рейдтер жүргізілген болатын. Олардың барысында белсенділер дүкендер мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қазақ тілі білімін тексеріп, камерада орыс тілді азаматтардан кешірім сұратқан.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар