$ 447.4  477.55  4.76

«Өкінішке қарай...»: Лавров Қазақстандағы орыстардың болашағына алаңдаушылық білдірді

Өкінішке қарай, соңғы уақытта біз Қазақстанның орыстілді азаматтарына қатысты ксенофобияның бірқатар резонансты көріністерінің куәсі болдық.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы айтты. Лавровтың пікірінше, Қазақстандағы орыстілді қауым мен Ресейдегі қазақ қауымдастығы – байланыстырушы буын.

Лавров «Ресей мен Қазақстан: шекарасыз ынтымақтастық» атты мақаласында Қазақстан мен Ресей арасында екіжақты білім беру, мәдени-гуманитарлық жобалар қарқынды дамып жатқанын, азаматтық қоғам арқылы қызу диалог жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Өкінішке қарай, соңғы уақытта біз Қазақстанның орыстілді азаматтарына қатысты ксенофобияның бірқатар резонансты көріністерінің куәсі болдық. Кейбір жағдайлар негізінен шағын қала ұлтшылдығын тәрбиелеуге және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіруге бағытталған арнайы ақпараттық әдістерді қолданудың жемісі болып табылады», – деді РФ СІМ басшысы.

Сергей Лавров Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастың деңгейі әрбір алаңдатарлық жағдай бойынша бірлескен шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол үшін екі елдің Сыртқы істер министрлігі, құқық қорғау және әділет органдары, президент әкімшілігі, үкіметтік емес сектор, сарапшылық және журналистік қоғамдастық арқылы тікелей байланыс арналары қолданылады.

«Қуатты байланыстырушы буындар – Қазақстандағы орыстілділер қауымы мен Ресейдегі қазақтар қауымдастығы. Орыс тілінің біріктіруші миссиясының қаншалықты маңызды екенін екі тарап та жақсы түсінеді. Қазақстан Конституциясына сәйкес орыс тіліне ресми мәртебе берілген. Бұл қазақ жастары үшін Ресеймен және жалпы ТМД кеңістігімен байланыстыратын үлкен пайда деп білемін», – деді ол.

Сергей Лавров Ресей Қазақстандағы орыс тілін меңгерген мұғалімдер мен мамандарды даярлайтын мектептерге, кәсіптік және жоғары оқу орындарына алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.

РФ СІМ басшысы сондай-ақ Қазақстан мен Ресей басып өткен тарихи жол стратегиялық серіктестік пен одақтастық, интеграциялық үдерістерді дамыту ұзақ мерзімді мүдделерге барынша сай келетінін және тату көршілікті нығайтудың сенімді іргетасы болып табылатынын еске салды.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары