$ 447.4  477.55  4.76

«Даниал Ахметов пен Жақсылық Омарға Тәуелсіздік күнінен гөрі жаңа жыл қымбат болып тұр» - қоғам белсендісі

Мемлекет басшысының «Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек» дегеніне қарамастан әкімдер жаңа жыл мерекесіне дайындық ретінде жаңа жылдық шыршаны жарқыратып, безендіріп тастаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында «Ел тарихындағы елеулі мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек» деді.

Десек те, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов пен Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар Президенттің бұл сөзін пысқырып отырған жоқ.

Оның себебі, Өскемен қаласында Тәуелсіздік күні жаңа жыл шыршасы тасасында қалып отыр.

Қ.Тоқаев: «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат!" деп атап өтті.
Сонда бұл екі әкімге ең басты құндылық жаңа жылды ерекше етіп тойлау ма?.. 
Әлде, қазірден бастап Өскемен қаласында жаңа жыл шыршасын безендіру ме? 
Оларға Тәуелсіздік күнінен гөрі жаңа жыл қымбат болғаны ма?..
Идеологиялық тұрғыдан емес, христиан діні тұрғысынан қарағандары ма?..

ДӘЛЕЛМЕН СӨЙЛЕЙІН 

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы "Юбилейный" кинотеатры 2021 жылдың 10 қараша күні жаңа жыл мерекесіне дайындық ретінде жаңа жылдық шыршаны жарқыратып, безендіріп тастаған.

Мемлекет басшысы "Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек» десе, жергілікті жердегі Президенттің тікелей өкілдері, жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер: облыс және қала әкімдері, аудан мен кент әкімдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне құлақ аспасаңдар, тапсырмасы Қазақстанның түкпір-түкпіріне жетпесе, 
Президенттің ел-жұрт арасында қайдан сый-құрметке ие болсын...

Бәрінен қымбат қасиетті мерекеміз - Тәуелсіздік күні жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қойса, Мемлекет басшысын әкімдер мен басшылар тыңдамаса, Қасым-Жомарт Кемелұлы

Тәуелсіздік күніне берген бағасын, айтқан мәнді, мағыналы айтқан сөзін айдалаға айтқанмен бірдей.
Сонда деймін-ау, әкім-басшылар сөздерін пысқырмаса, мемлекет басшысы кім үшін уақыт өткізіп айтты екен?!

Сіздердің әкім-басшы болып отыруларың жаңа жылдың арқасы емес, Тәуелсіздіктің арқасы екенін естеріңнен шығармаңдар!

ТӘУЕЛСІЗДІК- ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ БОЛСА, 16 ЖЕЛТОҚСАН ҚАСИЕТТІ КҮН

Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан өзі мекендеген атажұртында дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеріп, өркендеуі ел тәуелсіздігінен бастау алады. Сондықтан да, Қазақстан халқы үшін тәуелсіздік күнінің алар орны ерекше. Тәуелсіздік тұғырлы болуы үшін оның қадіріне жету қажет. Ол - кез-келген азаматтың Отан алдындағы парызы. 
Осы парыздың жауапкершілігін әкімдер мен халық сезіну керекпіз!

ҚАСТЕРЛІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ, ШЫРШАНЫҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙМАУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

Тәуелсіздік күні жылдағыдай Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қоймауы керек.
Әкімдер мен басшылар, орталық алаңға шырша орнатуға асықпаңдар, Тәуелсіздік күнінің қасиетін біліңдер!

Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы әрі «ЕЛ мен ЖЕР» қозғалысының мүшесі

Талғат Қатауовтың facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары