$ 444.22  476.38  4.82

«Ұлттық кеңестің арқасында халықтың үнін, шағымын ашық жеткізе алатын деңгейге жеттік» - Айгүл Орынбек

Жеткізіп ғана қоймай, жасалып жатқан кейбір реформалардың, істерінің дұрыс еместігін беттеріне айта алатын болдық!

Ұлттық кеңес ұлтымызды, тәуелсіздігімді сақтап қалу үшін құрылды!

Халықтың арасында жүрген өз ойы бар  белсенділерді жинап, "Ұлт үшін қосар үлесіңді ашық айт, біз естуші мемлекет болып тыңдайық" деп Президентіміз Тоқаев ұлттық кеңесті құрды.
"Ұлттық кеңес не пайда әкелді?", - деп Азаттық журналистері сұрау салыпты.

Құрылғанына  екі-ақ жыл болған кеңестің пайдасын тізіп жіберейін десем, атқарған жұмысымыз тым көп екен. Әрқайсына жіті тоқталып жазармын.

Ең бірінші, жоғарыда естімей, көрмей отыратын үкімет пен елдің алдында жүрген белсенділер халықтың үнін, шағымын ашық жеткізе алатын деңгейге жеттік!

Жеткізіп ғана қоймай, жасалып жатқан кейбір реформалардың, істерінің дұрыс еместігін беттеріне айта алатын болдық!

Басқа мүшелер үшін емес, өзім үшін айтайыншы, мен сияқты белсендіге халықтың үнін жеткізіп, ашық айтып отыруға керемет мүмкіндік туды!

Ұлттық кеңестің министрлермен болған бірде-бір жиналысынан қалмағанмын. Себебі халықтан жиналған шағымды үкіметке жеткізіп, халықтың жағдайы үшін тиімді шешімдер қабылдануы үшін бірге жұмыс істеу арқылы нәтиже болатынын түсіндім! 

Бүгін Президентіміз Қ.Тоқаев өте жақсы айтты "ұлтымызды, тәуелсіздігімді сақтап қалғымыз келсе, жалған  ұрандауды қояйық" деп!

Ұлттық кеңес мүшесі ретінде Президентіміздің осы сөзін қолдаймын және маған қара халықтың мұңын өзіне тікелей жеткізіп отыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін!

Ұлттық кеңестің мүшесі Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары