$ 523.58  549.71  5.01

Шымкенттіктер қала әкімі Әйтеновтың қызметтен кетуін талап етуде

Азаматтар онлайн-платформада петиция құрып, тікелей президент Тоқаевқа жүгінген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкент тұрғындары қала әкімі Мұрат Әйтеновтың жұмыстан кетуін сурап, қол жинап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

Азаматтар онлайн-платформада петиция құрып, тікелей президент Тоқаевқа жүгінген.

Үндеуінде шымкенттіктер әкім жұмысындағы жылдар бойы қордаланып қалған олқылықтарды алға тартады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл мәселелер жылдар бойы шешімін таппаған.

Қалалықтар өз кезегінде мегаполис басшысы қызметіне шымкенттіктердің сенімі мен қолдауына ие бола алатын нағыз басшы мен кемеңгер саясаткерді тағайындауды сұрап отыр.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз, шымкенттіктер, бүкіл ел үшін қиын-қыстау күндерде отанымыздың мүддесін қорғаудағы табандылығыңыз бен батылдығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Әйтенов мырза сынақтан өте алмағаны туралы айтқымыз келеді. Қала әкімі Шымкент үшін ең қиын күндерде Наурыз-2021 мерекесіне жарты миллиард доллар жұмсағаны үшін қалалықтар алдында есеп бермеген. Ол халықтың алдына өзінің орынбасары Шыңғыс Мұқанды шығарды, бірақ орынбасары ешнәрсе түсіндіре алмады. Бүгінде Әйтенов мырза лаңкестерге қарсы тұра алғаны туралы айтып жатыр, бірақ біз оған сенбеймыз. Әкім Әйтенов халыққа қарсы шешімдерімен-ақ өзіне деген сенімді жоғалтып алған болатын. 

2022 жылдың 11 қаңтарында мәжілісте өзіңіз айтқан олигополияға жақын құрылыс компаниясының мүддесін қанағаттандыру үшін Әйтенов ипподромды қиратып тастады. Әйтенов салып жатқан жол айрықтары, Шымкент қаласындағы қозғалысты одан ары қиындатты. Ол балаларға арналған спорт алаңын бұзып, орнына жеке емхана салды. Бұл әкімнің сәтсіз жасалған жұмыстарының бір бөлігі ғана. Біз Әйтенов мырзаны қала әкімі қызметінен босатуыңызды сұраймыз", - делінген Шымкент қаласының тұрғындары қол қойған өтініш мәтінінде.

Айта кетейік, қала белсенділері әкімді қызметінен босатуды сұрап жүргеніне бірнеше уақыттан асқан. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары