23.01.2022, 21:19

«Ұрып-соғуға, азаптауға дайынмын»: Ермек Нарымбай Қазақстанға оралатынын мәлімдеді

Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбай көптеген қуғындаудан кейін 2016 жылдың 14 шілдесінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған. Бүгінге дейін Украинада тұрып келді.

Оппозициялық белсенді Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады. Бұл туралы Алтынай Адилова атты facebook қолданушысы хабарлады.

"Отаныма ораламын. Мен қарызға ақша алып, авиабилетті брондап қойдым. Жақында Алматыда боламын. Бейбіт мақсатта келіссөз жүргізуге келе жатырмын. Балаларымды 7 жыл көрмедім. Осы екі күннің аралығында балаларыммен кездесу мүмкіндігі бола ма білмеймін. Оларды Киевке шақыруға мүмкіндігім болмады. Ақорда менің Қазақстанға өз еркіммен диалог жүргізу үшін бара жатқанымды түсінуі керек. Бұл қоғамды дүрліктіреді. Олар мені түрмеге отырғызса да мен ұзақ отырмайтыныма сенімдімін. Қазақстанға барғанда мені журналистер, блогерлер, көптеген адамдар күтіп алады. Сондықтан жасырын түрде мені қамауға ала алмайсыздар. Ұрып-соғуға, азаптауға толық дайынмын, бірақ мұндай болмайды. Бұл билікке тиімді емес", – деді деді Нарымбай.

Оппозиционер түрмеге түсіп қалса да үнсіз қалмайтынын, адвокатынан халыққа жаңалықтарын, ашық хаттарын жіберіп отыратынын жеткізді.

"Түрмеде мен барлық облыстардағы жаппай азаптау жағдайына тексеріс жүргіземін. Түрменің жолдары мұны қамтамасыз етеді. Тіпті жалғыз камерада отырсам да мұны іске асырамын. Менің жағдайым өзге де саяси эмигранттар, оппозиционерлер, азаматтық қоғам мен биліктің репутациясы, Тоқаев жақтастарының позициясы үшін айқындаушы фактор болады. Осының нәтижесінде біз билікті репрессиямен сайлау мәселесі бойынша келіссөз үстеліне отырғыза алатынымызға сенімдімін", – деді белсенді.

Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбай көптеген қуғындаудан кейін 2016 жылдың 14 шілдесінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған. Бүгінге дейін Украинада тұрып келді.

qamshy.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.