$ 443.85  474.3  4.8

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы тағайындалды

Әнуар Жанғозин Назарбаев университетінің магистратурасын "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Әнуар Жанғозин "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Математика" мамандығы бойынша және Назарбаев университетінің магистратурасын "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылдан 2011 жылға дейін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Әдіснамалық процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директор болып жұмыс істеген.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Білім басқармасының басшысы болған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары