16.11.2016, 04:13

Н.Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізбек

Нұрлан Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды деп хабарлайды Парламенттің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 23 қарашада сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген 15 қарашада қол қойылған құжатта.